Абай Кунанбаев творчество

Стихи, поэмы, биография

Алтыншы Сөз


Қазақтың бір мақалы: “Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік” дейді.
Бірлік қаңдай елде болады, қайтсе тату болады — білмейді. Қазақ ойлайды:
бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дəулет ортақ болса екен дейді. Олай
болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал
іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес.
Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, дін басқа, күні басқалар да жалданып
бірлік қылады. Бірлік малға сатылса антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай
бірлік қылса керек, сонда əркім несібесін Құдайдан тілейді, əйтпесе Құдайдан
тілемейді, шаруа іздемейді. Əуел біріне бірі пəле іздейді. Не түсін, не ажарын,

не өкпесін бұлдап, ол болмаса, бір пəле салып, қорғалатып, əйтеуір бірін-бірі
алдаудың амалын іздеседі. Мұның қай жерінен бірлік шықты?
” Ы р ы с а л д ы — т і р л і к ” д е й д і , о л қ а й т і р л і к ? О л о с ы ж а н к е у д е д е н
шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп,
бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып,
жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек кылудан, қызмет қылудан кашып,
еріншек атанып, дүниеде əлгі айтылған ырысқа дұспан болады.
Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің
тірі болсаң да, кекірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың.
Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Кеселді жалқау, қылжақбас,
Əзір тамақ, əзір ас,
Сыртың — пысық, ішің — нас,
Артын ойлап ұялмас,—
болып жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі
артық.

Абай Құнанбайұлы

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные для заполнения поле, помечены символом *

*