Абай Кунанбаев творчество

Стихи, поэмы, биография

Бесінші Сөз


Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып,
буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар:
“Ə, Құдай, жас баладай қайғысыз қыла көр!

” деп тілек тілегенін өзім көрдім.
Онысы жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нəрсесі жоқсып, қайғылы
кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан таңырсың: “Түстік өмірің
болса, күндік мал жи”, “Өзіңде жоқ болса, əкең де жат”, “Мал — адамның бауыр
еті”, “Малдының беті — жарық, малсыздың беті — шарық”, “Ер азығы мен бөрі
азығы жолда”, “Ердің малы елде, еріккенде қолда”, “Берген перде бұзар”,
“Алаған қолым — береген”, “Мал тапқан ердің жазығы жоқ”, “Байдан үмітсіз —
Құдайдан үмітсіз”, “Қарның ашса, қаралы үйге шап”, “Қайраңы жоқ көлден без,
қайыры жоқ елден без” деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр.
Бүл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым
үшін, білім үшін, əділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам жейді екен,
ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап, мақтап
алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен, егер малды болса, əкесін
жаулауды да ұят көрмейді екен. Əйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік,
соған ұқсаған қылықтың кайсысын болса да қылып мал тапса, жазалы демесек
керек екен.
Бұларының жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл
ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса,
жерге өне жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма
артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ,
безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?

Абай Құнанбайұлы

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Обязательные для заполнения поле, помечены символом *

*