Абай Кунанбаев творчество

Стихи, поэмы, биография

Бipіншi Сөз


Бұл жасқа келгенше жақсы өткiздiк не, жаман өткiздiк не, əйтеуiр бiрталай
өмiрiмiздi өткiздiк: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық əурешiлiктi,
көре-көре келдiк. Ендi жер ортасы жасқа келдiк: қажыдық, жалықтық; қылып
жүрген iсiмiздiң бəрiнiң баянсызын, байлаусызын көрдiк, бəрi қоршылық
екенiн бiлдiк. Ал, ендi қалған өмiрiмiздi қайтiп, не қылып өткiземiз? Соны таба
алмай өзiм де қайранмын.

Екінші Сөз


Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: “енеңді
ұрайын кең қолтық, шүлдіреген тəжік, арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс
артқан, бұтадан қорыққан, кез көргенде “əке-үке” десіп, шығып кетсе, қызын
боқтасқан, “сарт-сұрт деген осы” деп.

Үшінші Сөз


Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі
тілеспейтұгынының, рас сөзі аз болатұгынының, қызметке таласқыш
болатұгынының, өздерінің жалқау болатұгынының себебі не?

Төртінші сөз


Əрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, əрбір мас
кісіден ғафил көп өтетұғынын да, əрбір мастың сөйлеген кезінде бас
ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не
ақылдан, не ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай
ғафилдік көп өткізіп, елемеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір
ауырмай қалмаса керек.

Бесінші Сөз


Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып,
буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар:
“Ə, Құдай, жас баладай қайғысыз қыла көр!

Алтыншы Сөз


Қазақтың бір мақалы: “Өнер алды — бірлік, ырыс алды — тірлік” дейді.
Бірлік қаңдай елде болады, қайтсе тату болады — білмейді. Қазақ ойлайды:
бірлік ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дəулет ортақ болса екен дейді. Олай
болғанда байлықтан не пайда, кедейліктен не залал? Ағайын құрымай мал
іздеп не керек? Осы ма бірлік? Жоқ, бірлік — ақылға бірлік, малға бірлік емес.
Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, дін басқа, күні басқалар да жалданып
бірлік қылады. Бірлік малға сатылса антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай
бірлік қылса керек, сонда əркім несібесін Құдайдан тілейді, əйтпесе Құдайдан
тілемейді, шаруа іздемейді. Əуел біріне бірі пəле іздейді. Не түсін, не ажарын,

Жетінші Сөз


Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі — ішсем, жесем,
ұйықтасам деп түрады. Бұлар — тəннің құмары, бұлар болмаса, тəн жанға
қонақ үй бола алмайды, һəм өзі өспейді; қуат таппайды.