Абай Кунанбаев творчество

Стихи, поэмы, биография

Сегізінші Сөз


Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?
Біреу — болыс, біреу — би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын
деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де оздық
кісіміз, өзіміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтамыз деп сайланды.

Тоғызыншы Сөз


Осы мен өзім — қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер
жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уа, əрнешік бойларынан адам
жақсы көрерлік, я көңілге тиянақ қыларлық бір нəрсе тапсам керек еді. Соны не
үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға
жаратсам керек еді, ондайым жоқ.

Оныншы Сөз


Біреулер Құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды
бассын дейді, артымнан Құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын
дейді. Осыдан басқасы бар ма?

Он Бірінші Сөз


Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нəрсе. Əуелі — ұрлық. Ұры
ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып тағы да байимын деп
жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр.

Он Екінші Сөз


Кімде-кім жақсы дүр, жаман дүр ғибадат қылып жүрсе, оны ғибадаттан
тыюға аузымыз бармайды, əйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы
жоқ қой дейміз.

Он Үшінші Сөз


Иман деген — Алла Табарака уатағаланың шəриксіз, ғайыпсыз бірлігіне,
барлығына уа һəр неге бізге Пайғамбарымыз саллала Аллаһу ғалайһи уа
саллам арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын сұнып, инанмақ.
Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нəрсе керек.

Он Төртінші Сөз


Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі
дегені — батыр дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап білмейді.
Рақымдылық, мейірбандылық, əр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп,
өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар — жүрек ісі,
асықтық та — жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалган шықпайды.