Абай Кунанбаев творчество

Стихи, поэмы, биография

Он Бесінші Сөз


Ақылды кісі мен акылсыз кісінін, менің білуімше, бір белгілі парқын
көрдім.
Əуел — пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нəрсені қызық
көрмей жүре алмайды, сол қызықты нəрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты
уақыты болып ойында қалып.

Он Жетінші Сөз


Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымга
жүгініпті.
Қайрат айтыпты: Ей, ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде еш нəрсе менсіз
кəмелетке жетпейтұғының; əуел өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек,
ол менің ісім, Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына
келтірмек те — менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр,
мансапты еңбексіз табуға болмайды.

Он Сегізінші Сөз


Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һəм ол киімін былғап,
былжыратып кимей, таза кимек — дұрыс іс. Лəкин өз дəулетінен артық киінбек,
не киімі артық болмаса да көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ — кербездің
ісі.

Он Тоғызыншы Сөз


Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе,
дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған
адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті

Жиырмасыншы Сөз


Тағдырдың жарлығын білесіздер — өзгерілмейді. Пəндеде бір іс бар
жалығу деген. Ол — тағдырда адаммен бірге жаратылған нəрсе, оны адам өзі
жора тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласының құтылмағы қиын.
Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де ақырында тағы келіп жеңеді.

Жиырма Бірінші Сөз


Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы — қиын іс.
Сол мақтан деген нəрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік
деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін.
Үлкендік — адам ішінен өзін өзі бағалы есеп қылмақ.