Абай Кунанбаев творчество

Стихи, поэмы, биография

Он Бірінші Сөз


Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нəрсе. Əуелі — ұрлық. Ұры
ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып тағы да байимын деп
жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр.

Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып “пайдаланам”
деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші — бұзақылар біреудің
ойында жоқ пəлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең көп боласың,
бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы əлек болып
жүр. Кім азса мен соған керек боламын деп, к… қыздырып алып, өзін біраз гана
азық қылайын деп жүр.
Ұлықтар “пəлі-пəлі”, бұл табылған ақыл екен, мен сені бүйтіп сүйеймін деп,
ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша
үйім бар, сонша ауыл таяғыңды соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп
бергенге партиялас боламын деп, Құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп
басын, ауылын, қатын, баласын сатып жүр.
Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді. Шаруа да қылар еді.
Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді.
Енді жұрттың бəрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың,
серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыю да оңай
болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды?

Абай Құнанбайұлы

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники