Абай Кунанбаев творчество

Стихи, поэмы, биография

Он Екінші Сөз


Кімде-кім жақсы дүр, жаман дүр ғибадат қылып жүрсе, оны ғибадаттан
тыюға аузымыз бармайды, əйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы
жоқ қой дейміз.

Лəкин сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де,
қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Əуел — иманның
иғтиқатын махкамлемек керек, екінші — үйреніп жеткенше осы да болады
ғой де-мей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін
қойса, оны Құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа лəкин, кімде-кім иман
неше нəрсе бірлəн кəмелəт табатұғынын уа неше жерден бұзылатұғынын
білмей, басына шалма орап, бірəдар атын көріп, рузашыл, намазшыл болып
жүргені көңілге қалың бермей тұрып жыртысын салғанға ұқсайды.
Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласымен өзін-өзі аңдып, шын
діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.

Абай Құнанбайұлы

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники