Абай Кунанбаев творчество

Стихи, поэмы, биография

Сегізінші Сөз


Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?
Біреу — болыс, біреу — би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын
деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де оздық
кісіміз, өзіміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтамыз деп сайланды.

Өздері түзеліп
жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тындасын жəне тындайын
десе де қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып
қаламыз ба, яки елдегі бұзақыларымызды бүліндіріп аламыз ба, яки
халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығындап, шығынымызды толтыра
алмай қаламыз ба?— деген ебіне қарай біреуді жетілтейін, біреуді кұтылтайын
деген бейнетінің бəрі басында, қолы тимейді.
Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дəулет қонып, дүниенің жарымы
басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері
аспанда, адалдық, арамдық акыл, ғылым, білім — еш нəрсе малдан қымбат
демейді. Мал болса Құдай Тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні,
құдайы, халқы, жұрты, білім-ұяты, ары, жақыны, бəрі — мал. Сөзді қайтіп
ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ, саудасын
жимақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ — солардан
сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бəрін жайғастырып, аяғын
алып келіп, мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.
Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өзі де тыңдамайды.
Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнің де көре алмай жүр. Аналар
андай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Жəне де білім, ғылым
кедейге керегі жоқтай-ақ: “Бізді не қыласың ана сөзді ұғарлықтарға айт!” дейді.
Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдыңдағы үшеуіндей болған жанның ойында
ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.

Абай Құнанбайұлы

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники